Mercedes-Benz қытайлық BYD компаниясымен бірлескен жобадан бас тартты

Жарияланды 16 Қыркүйек 2024 17:57

(жаңартылды 16 Қыркүйек 2024 18:32)
post.authors.0.name

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
The Denza бренді 100% BYD иелігіне өтті / Коллаж: kursiv.media

2011 жылы BYD және Mercedes-Benz негізін қалаған The Denza бренді 100% қытайлық болды.

Denza бренді 13 жылдан бері құрастырылып келеді. Оны қытайлық BYD және сол кезде Daimler деп атаған Mercedes-Benz Group компаниясы құрды.

2021 жылы неміс компаниясы өз үлесін бастапқы 50%-дан 10%-ға дейін төмендетті.

«Mercedes-Benz енді жобадан толығымен шықты, сондықтан бұдан былай Denza 100% BYD-ге тиесілі», – деп хабарлады CarNewsChina.

Mercedes-Benz үлесі 10%-ға дейін қысқарған 2021 жылдан бері неміс тарапы Denza-ның акционері ғана болды және жаңа үлгілерді әзірлеуге қатысқан жоқ. Алайда дәл осы кезеңнен бастап брендтің сатылымы артты.

Егер 2012 жылы дебют жасаған Denza NEV хэтчбекі және 2019 жылы ұсынылған BYD Tang негізіндегі X кроссовері сияқты танымал бола алмаса, кейінгі автомобильдердің керісінше, «бағы жанды». Нақтырақ айтсақ, N7 кроссовер, N8 жол талғамайтын көлік және D9 минивэндеріне сұраныс артты. Тіпті D9 минивэні Қытайдағы MPV сегментінде көшбасшы болды.

Еске сала кетсек, қытайлық автоөндірушілер Еуропалық Одақ нарығына шығудың жолын тауып, Түркиядан зауыт салуға рұқсат алды. Алайда Қытай билігі  шетелде зауыт салатын автоөндірушілерге шектеу енгізуі мүмкін.

Себебі ел үкіметі шетелде зауыт салатын автоөндірушілерге негізгі технологияларды серіктестерге бермеуге шақырды, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Ал биыл Қытай автокөлік нарығында сауда бәсеңдеді. Соған қарамастан BYD сатылымы рекордтық деңгейге жеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз