Ғалым деңгейінде тапсырмаларды орындайтын ChatGPT o1 моделінің ерекшелігі неде?

Жарияланды 17 Қыркүйек 2024 22:56

(жаңартылды 18 Қыркүйек 2024 09:26)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
ChatGPT o1 баяу ойланса да, күрделі сұраққа нақты жауап іздейді/ Коллаж kursiv.media

Жасанды интеллект әлемінде о1 моделі пайда болды. Бұл – Strawberry-дің құпия жобасы.

Модель баяу жұмыс істесе де, өзіндік ерекшелігі бар. Ол сұраққа жауап берердің алдында ойланатын болды. Осы қабілеті арқасында бұрынғы үлгіден математикада бес мәрте, код жазуда алты есе күшті.

Ақылы жазылым бойынша ChatGPT Plus және Team, API қолданушыларына о1 моделін пайдалануға мүмкіндік берілді.

OpenAI o1-дің кемшілігі – оның ойлау жүйесі өте қымбатқа шығады және баяу жұмыс істейді.

Жаңа құрал математика, бағдарламалау, нақты ғылым бойынша күрделі тапсырмаларды орындауға қабілетті.

Чат-боттың таныстырылымы кезінде ол химияға қатысты теңдеулерді шешті, философия докторы деңгейінде күрделі сұрақтарға жауап берді, науқастың ауру белгілері туралы егжей-тегжейлі баяндады.

OpenAI мамандары жаңа моделдің де қате жіберуі  мүмкін екенін ескертті. Бұл жүйе нақты нәтиже үшін қисынға сүйенуге бейім.

Тестілеу кезінде о1 моделі үздік көрсеткіштерімен таңғалдырған. 2024 жылы AIME емтиханында GPT-4o моделі есептердің орташа есеппен 12%-ын ғана шеше алды. Ал o1 үлгісі әр жаттығуда бір тәсілмен 74% (11,1/15) шешімге қол жеткізді.

 OpenAI o1 ғалымдар мен оқытушылар үшін ерекше құрал болмақ:

  • Талдау қабілеті. Күрделі тапсырмалар кезінде оның шешімін тез табуға көмектеседі. Деректерді сараптай отырып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Ғылыми әдебиеттерді таңдау. Технология көптеген әдебиетті, оқулықты сүзгіден өткізіп, мақалалар мен зерттеу материалдарын дайындауға көмектеседі.
  • Мәтін сапасы. ChatGPT o1 ғылыми жұмыстардың тез өңдеуге, қателерін түзеуге көмектеседі.

Бағдарламаны әзірлеушілер o1 үлгісін әлі де жетілдіруді көздеп отыр. Компания қаржыландырудың кезекті кезеңі қарсаңында жаңартылған нейрондық желіні ұсынды, ол 150 млрд долларға бағалануы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз