Instagram жасөспірімдер үшін ата-ананың бақылауында болатын арнайы аккаунттарды іске қосады

Жарияланды 18 Қыркүйек 2024 10:41

(жаңартылды 18 Қыркүйек 2024 12:02)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Instagram жасөспірімдер аккаунты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Instagram жасөспірімдер үшін арнайы жабық аккаунттар енгізіп жатыр, деп хабарлайды BBC.

Шетелдік жаңалықтар қызметінің хабарлауынша жасөспірмдерді әлеуметтік желіде енді ата-аналары бақылай алатын болады. Зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларды қорғау мақсатында компания олардың посттарын қарауға жаңа шектеулер енгізбек, ол шектеуді балалардың ата-аналары ғана өзгерте алады.

Бұл шектеу сейсенбіден бастап Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Австралияда енгізіледі. Еуропалық Одақ елдерінде бұл ережелер осы жылдың соңына дейін қосылады деп жоспарланып отыр. Ал келесі жылдың қаңтарынан бастап басқа елдерде де пайда болмақ.

Жаңа ережелерге сәйкес, жасы 16-ға толмаған барлық пайдаланушыға автоматты түрде арнайы «жасөспірімдер аккаунты» беріледі. Ал 13 жасқа дейінгі балаларға Instagram-да тіркелуге мүлдем тыйым салынады.

Жасөспірімдер үшін не өзгереді?

18 жасқа дейінгі барлық пайдаланушылар үшін ересектерге арналған контентті қарау мүмкіндігі автоматты түрде өшіріледі.

Сонымен қатар, жасөспірімдер аккаунттары жабық болады. Бұл пайдаланушылар тарапынан жазылу үшін жасалған сұрау мақұлдануы керек дегенді білдіреді және олардың жазбаларын тек өз оқырмандары ғана оқи алады.

Түнде жаңа посттар туралы хабарламалар да өшіріледі. Әлеуметтік желіде бір сағат бойы отырған жасқспірімге Instagram-нан біраз уақытқа үзіліс алуға автоматты түрде ұсыныс түседі.

16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер бұл шектеулерді өз бетінше өшіре алады, бірақ он алтыға толмаған өзге балалар үшін мұны тек ата-аналары жасай алады.

Балаларының аккаунтын бақылау құқығына ие болған ата-аналар олардың кіммен хабарлама алмасатынын көре алады, бірақ хабарламада не жазылғанын оқи алмайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ –тың Сенат палатасы TikTok-тың жабылуына қол соғып, қолдау білдіріп заңға қол қойды. Көрші Қырғыз елінде де TikTok жабылады деген ақпараттар тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз