«Астана» халықаралық қаржы орталығы дара инвесторларға ұжымдық инвестициялаудың жаңа схемасын ұсынды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) бөлшек инвесторлар үшін алғашқы Non-Exempt Fund, яғни босатылмаған қор – SBI Active Fund-ты тіркеді.
«Бұл дара инвесторларға жаңа жобаларға жол ашады», – деп хабарлады AFSA.
Мұның босатылған қорлардан айырмашылығы, босатылмаған қорларға қадағалау мен ашықтық бойынша анағұрлым қатаң талаптар қойылады. Олар инвесторлардың әртүрлі санаттарына арналған инвестициялық ұсыныс түрлерін арттырады.
Бұдан басқа ол қаржы нарықтарының дамуына ықпал етеді. Босатылмаған қорларда шектеу аз. Мұндай инклюзивтілік АХҚО шеңберінде нарықтың өтімділігі мен белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
«AFSA дара инвесторларға активтерді бөлу, тәуекелге ұшырау және ықтимал кірістілік тұрғысынан көптеген мүмкіндіктерге жол ашады», – деп жазылған хабарламада.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция.
Мұнда 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас.
Еске сала кетсек, «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялардың саны артып, 3000-нан асты.
Қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 млрд доллар инвестиция тартылған. Инвестиция көлемі 2025 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып кеткен. Жыл басынан бері қаржы орталығына жаңадан 500 компания тіркелген.