Kaspi.kz компаниялар тобы қысқа позицияда трейд жасайтын жобаның айыптауларын жоққа шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Kaspi.kz тобына ақпараттық шабуыл жасалды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Kaspi.kz компаниялар тобы биржада қысқа позициядағы саудада ақша табуды көздейтін Culper Research жобасының «зерттеуі» көрсеткен айыптауларды жоққа шығарды. Компания жоба жасаған зерттеудегі ақпарат қате және бизнестің мәнін бұрмалайды деп санайды. Бұл туралы Kaspi.kz корпоративтік сайтындағы хабарламада жазылған.

Хабарламада бұл ақпараттық шабуылға Kaspi.kz акцияларының NASDAQ биржасындағы ұтымды позицияда орналасуы себеп болуы мүмкін екені атап өтілген.

«Бұл факт қысқа позицияда трейд жасайтындар арасындағы беделімізді арттырғаны анық. Компаниямызды жылдар бойы білетін инвесторлар беделіміздің өзіне мән беретіні түсінікті», – делінген мәлімдемеде.

19 қыркүйекте Culper Research жобасы Kaspi.kz компаниясы Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтіп, Ресеймен ынтымақтасты, сондай-ақ NASDAQ дейін биржасының листінгіне қосылмас бұрын АҚШ заңдарын бұзды деп айыптаған. Сол сәтте NASDAQ биржасында Kaspi.kz бағалы қағаздардың құны 23%-дан астамға құлдырап, 91 доллар болды, кейіннен 94 долларға дейін өсіп, біршама нығайды.

Kaspi.kz басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе Culper Research жобасының зерттеуін «алыпсатарлардың әдеттегі шабуылы» деп атады.

«Бұл зерттеу іс жүзінде қате ақпарат беріп, инвесторларды шатастыру үшін әдейі жасалған. Біздің акциялар Лондон қор биржасында 2020 жылдан бастап сатылады және жақында NASDAQ-та сатыла бастадық, яғни ашық саясат ұстанатын компаниямыз. Реттеуші қойған талаптарға сәйкес үнемі ақпаратты ашық жариялаймыз. NASDAQ-тағы соңғы IPO барысында кең ауқымды құқықтық тексеруден өттік. Өз өнімдерімізге, есептілігімізге, сәйкестік бағдарламаларына және бақылау құралдарына сенімдіміз. Әдеттегідей ұзақмерзімді стратегиямызға назар аударамыз», – деді Ломтадзе компания таратқан мәлімдемеде.

Айта кетейік, Kaspi.kz қысқа позицияда трейд жасайтындар шабуылына ұшыраған алғашқы қазақстандық ірі компания емес. 2023 жылы Hindenburg Research жобасы қазақстандық Freedom Holding Corp-ке қатысты тергеу жариялап, қаржы есептерін бұрмалады және Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтті деп айыптаған. Холдингтің негізін қалаушы әрі басшысы Тимур Турлов «Курсивке» берген сұхбатында айыптауларды жоққа шығарды және холдингтің бұрынғы қызметкері Hindenburg Research жобасының ақпарат көзі болды деп болжады.

Кейінірек екі шетелдік фирманың тәуелсіз тексеруі айыптаулардың жалған екенін растады. Нәтижесінде тексерушілер Hindenburg Research басылымындағы айыптаулар маңызды фактілерді ескерген жоқ және дәлелдермен расталмады деген қорытындыға келді.

Hindenburg Research бұған дейін Nikola Corporation, Clover Health Investments, lordstown Motors Ltd сияқты компанияларға шабуыл жасаған. 2023 жылдың басында Хинденбург Үнді кәсіпкері Гаутам Аданиге тиесілі ірі холдингке шабуыл жасап, оның компаниялар тобына бағалы қағаздарды манипуляциялады және салық жүйесін дұрыс пайдаланбады деген айып таққан.

The Adani Group тергеуді жалған ақпарат және негізсіз мәлімдемелер жиынтығы деп атады. Шабуыл жасалғаннан бір аптадан өткеннен кейін, топтың холдингтік құрылымы – Adani Enterprises Limited – 38%, бір айдан кейін – 62% құнын түсірді. 2024 жылдың қаңтарында қағаздар құбылып, сәуір айынан бастап позициясын қайтара бастады. Бұл операцияда тек Хинденбург трейдерлерінің өзі 4,1 миллион доллар табыс тапты, ал миллиардер Гаутам Аданидің компаниялар тобы 153 миллиард доллар нарықтық құнын жоғалтты.

Шілде айында Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия мен АҚШ Әділет министрлігі белсенді әрі танымал инвестор Эндрю Лефт пен оның Сitron Capital LLC фирмасына 20 миллион долларлық алаяқтық схемасына қатысты деп айыптады. Лефт Nvidia және Tesla акцияларымен алаяқтық жасағаны үшін 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, дәл осы Лефт шабуылдарынан кейін, 2023 жылы қазақстандық Freedom Holding-ке тағылған айыптаулар толқыны басталды.

Сондай-ақ оқыңыз