Hamster Kombat ойынының әзірлеушілері HMSTR атты криптовалютаны 26 қыркүйекте листингке шығаруды жоспарланған. Ойын механикасы өте қарапайым – ойыншылар экранды түртіп, монеталар жинайды. Енді сол жиналған монеталар HMSTR токеніне айналады.
Монеталарды қашан және қалай алуға болады?
Әзірлеушілердің айтуынша, ойыншыларға тиесілі HMSTR токендерін 26 қыркүйекте шығарып ала алады. Листинг криптобиржаларда жүзеге асырылады. Пайдаланушылар криптовалюталарын таңдалған криптоәмиянға немесе Telegram, TonKeeper қосымшасындағы арнайы әмияндар арқылы алады.
Листинг Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Монеталарды қалай сатуға болады?
Криптовалюта сіздің әмияныңызға түскеннен кейін, оларды сату үшін криптовалюта биржасының қосымшасына кіріп, HMSTR-ды таңдап, оны USDT немесе USDC сияқты тұрақты монеталарға айырбастауға болады. Сауда жұбын таңдаған соң, нарықтағы ағымдағы бағаға немесе өзіңіз орнатқан лимитке сәйкес сату ордерін орналастыруға болады.
Cондай-ақ, ойынды әзірлеушілердің айтуынша токендерді қашан және қандай бағамен сатуды әркім өзі шешеді. Алайда криптовалютаның құбылмалығына байланысты бағаның төмендеуі немесе алаяқтық секілді тәуекелдерді естен шығармау қажет.
Айта кетейік, Hamster Kombat – бұл Telegram-дағы шағын қолданба түріндегі ойын. Қолданушылар осы ойын арқылы токен жинап, оны криптобиржаларда жұмсауға болады. Токендер YouTube желісінде ойын роликтерін көргендерге де беріледі.
Hamster Kombat-тың Telegram-дағы криптографиялық ойындар нарығында көптеген бәсекелестері бар. Мысалы, Blum, Catizen, Lost Dogs: The Way, TapSwap, X Empire және т.б.
Токен – бұл криптовалюта ақша бірлігі. Ол блокчейн негізінде жасалған. Оларды ойындағы белсенділік үшін тегін алуға болады.