Шахматтан ұлттық құрама мүшелері әлемдік Топ-20 рейтингіне енді

Жарияланды 1 Қазан 2024 16:44

(жаңартылды 1 Қазан 2024 16:44)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Шахматтан ұлттық құрама мүшелері әлемдік Топ-20 рейтингіне енді / Фото: Қазақстан шахмат Федерациясы

Жақында ғана шахматтан Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған Қазақстан қыздар ұлттық құрамасының мүшелері әлемдік Топ-20 рейтингіне енді.

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) үздік шахматшылардың рейтингінің жаңа нұсқасын ұсынды. Оған сәйкес, қыздар арасындағы Топ-20 тізіміне Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрлан және Лия Құрманғалиева кірген. Үздік жиырма ойыншы қатарында төрт Үндістан және екі Қытай қызы кірген. Өзге елдерден бір шахматшы енген.

FIDE рейтингі

Сонымен қатар, қыздар арасындағы рейтингте Қазақстан шахмат федерациясы 7-орынға жайғасқан. Ал команда көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында әлемдік рейтингте 16-орынға ие болған.

FIDE рейтингі

Бұдан бөлек, Топ-100 рейтингінде Әмина Қайырбекова, Назерке Нұрғали, Аяулым Қайдарова, Зейнеп Сұлтанбек енген.

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Олимпиаданың соңғы ойындарында құрама АҚШ пен Польшаны жеңіп, Үндістаннан бір ұпай ғана артта қалды

Гроссмейстерлер Павел Коцур мен Александр Моисеенко бастаған қыздар құрамасы әлемдегі ең жас құрамалардың бірі. Команда құрамында 20 жастағы IM Бибісара Асаубаева, 19 жастағы IM Меруерт Камалиденова, 18 жастағы WIM Ксения Балабаева мен WIM Әмина Қайырбекова, сонымен қатар Олимпиада дебютанты, ең жас 17 жастағы WIM Алуа Нұрман бар.

Сондай-ақ оқыңыз