Жаңалықтар

Қазақстан Аргентинадан неге ет сатып алады? Вице-министр жауап берді

Қазақстан Аргентинадан неге ет сатып алады? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан Аргентинадан неге ет сатып алады? бұл сұраққа Сенат кулуарында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша Қазақстан өзін-өзі етпен қамтамасыз ете алады, бірақ халықтың талғамы әртүрлі, біреуі Аргентинаның етін жегісі келеді, біреуі Бразилия етін жегісі келеді екен.

«Аргетинадан ет сатып алу мәселесіне келетін болсақ, біз нарықтық экономикада орналасқан елміз, Әр адамның өз талғамы бар. Етті Аргентинадан ала ама, әлде Бразилиядан ала ма, әркімнің өз қалауы. Қазақстан өзін-өзі етпен қамтамасыз етіп отыр, атқарылған жұмыстың арқасында экспорттауға да мүмкіндік алып жатырмыз», – деді ол.

Сондай-ақ, Ермек Кенжеханұлының айтуынша Қазақстан етпен қамтамасыз ету бойынша жоғары деңгейде орналасқан ел. Сондай-ақ, мал шаруашылығы, ет өндірісін дамыту үшін тиісті шаралар орындалып жатқанын айтты.

Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген. Соның арқасында Қазақстан етті экспорттайтын елдер қатарына кіріп отыр. Қазір Өзбекстан, Қытай сияқты елдерге ет экспорттап жатырмыз», – деді Ермек Кенжеханұлы.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев «Теңізшевройл» компаниясы Аргентинада ет сатып алатынын мәжілісте айтқан еді.

Еске сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұған дейін Қазақстан ет және балық өнімдерін Таиландқа эскпорттайды деп хабарлаған еді.