Freedom Ticketon өз клиенттеріне 30%-ға дейін кэшбэк ұсынады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кешбэк до 30% можно вернуть за покупки на Freedom Ticketon
Freedom Ticketon өз клиенттеріне 30%-ға дейін кэшбэк ұсынады / Фото: loyalty.bankffin.kz, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қазақстандықтар енді үйге азық-түлікке тапсырыс беру, киноға билет алу, сақтандыруды рәсімдеу секілді күнделікті сатып алулар үшін 30%-ға дейін кэшбэк ала алады.

Freedom Bank жаңа адалдық бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаға қатысу үшін Freedom SuperApp қосымшасында тіркеліп, банктің картасын тегін ашуға болады. Содан кейін Freedom холдингінің компанияларында транзакциялар жасау және ай сайынғы есепшотта белгілі бір қалдық сомасын сақтау арқылы кэшбек алуға болады.

Кэшбэк Freedom Insurance, Freedom Ticketon, Freedom Life, Aviata, Freedom Drive, Freedom Mobile, Naimi.kz, Arbuz.kz және Choco сияқты платформаларда сатып алулар жасағанда беріледі.

Адалдық бағдарламасында төрт негізгі деңгей бар: Standard, Silver, Gold және Platinum, олар үшін берілетін кэшбэк 1%-дан 4%-ға дейінгі аралықта. Жоғарырақ деңгейге өту және кэшбэк мөлшерін арттыру үшін Freedom Bank карталары бойынша шоттағы орташа қалдықты көбейту қажет. Мысалы, Gold деңгейіне жету үшін есепшоттағы орташа сома 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін болуы керек.

Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы байланыссыз төлем жасағанда, базалық кэшбэкке қосымша 2% қайтарылады. Сондай-ақ банк карталары арқылы айына 50 000 теңгеден жоғары транзакциялар жасағанда, қосымша 1% алуға болады. Нәтижесінде экожүйеден тыс сатып алулар бойынша максималды кэшбэк 7%-ға жетеді.

Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың айтуынша, бұл бағдарлама ақшаны ақылмен жұмсауға көмектеседі.

«Адалдық бағдарламасының бірегейлігі – жоғары кэшбэк Freedom инвестициялық валютасында есептеледі. Ол Freedom Holding Corp. акцияларына байланысты және бағалы қағаздың құнымен бірге өзгереді. Осылайша, пайдаланушы жоғары кэшбэк алып, оны жинақтай отырып, акция бағасының өзгерісінен табыс таба алады. Біз бұл бағдарлама адамдарды жинақтарды ұлғайтуға ынталандырады және ақшаны ақылмен жұмсауға, инвестициялық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі деп сенеміз»,  – деді Жұмағұлов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Freedom Ticketon Қазақстан футбол федерациясынмен бірлесіп ұлттық құраманың 13 қазан күні өтетін Словениямен ойынға «атаулы» билеттерді сатылымға шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз