Қазақстанның сыртқы қарызы жарты жылда 3 млрд долларға өскен

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы

Қазақстынның сыртқы борышы өскен / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 166,7 млрд долларды құраған. Бұл жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3 млрд долларға артық.

«2024 жылдың басынан бастап сыртқы борыш төлем балансы бойынша операциялардың есебінен 2,7 млрд долларға, бағалық, бағамдық және басқа өзгерістер есебінен 0,3 долларға өсті, – делінген ҰБ хабарламасында.

Ұлттық банк статистикасына сәйкес, сыртқы қарыз құрылымында бейрезиденттерден тартылған несие мен кредиттің үлесі 73,9%-ға тең. Ал бейрезиденттердің қолындағы борыштық бағалы қағаздардың сыртқы қарыздағы үлесі – 8,0%.

Қазақстан сыртқы қарызының 87,5%-ы немесе 145,7 млдр доллары – өтеу мерзімі 1 жылдан асатын ұзақмерзімді борыш. Ұлттық банк бұл бір жағынан, өтімділік тәуекелдерін азайтса, «екінші жағынан – жалпы нарықтық талаптар өзгеруінің борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге әсерін күшейтетінін» жазады.

Сыртқы қарыздың 137 млрд доллары – жеке сектордың алған қарызы болса, 29,6 млрд доллары – мемлекеттік сектордың сыртқы борышы. 137 млд доллардың 93,7 млрд доллары фирма аралық берешек, 43,3 млрд доллары – банктер мен басқа да секторлардың алған қарызы.

Қазақстан Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Бермуд аралдары, Ресей мен халықаралық ұйымдардан қарыз алған.

Қазақстанның сыртқы борышы 2024 жылдың І тоқсанында 200 млн долларға азайғаныны жазғанбыз. Сыртқы қарыз 1 сәуірде 163,5 млрд долларды құраған.

Сондай-ақ оқыңыз