Спорт министрлігі футбол бас бапкері Черчесовтің мемлекеттік тілге қатысты әзіліне жауап берді

Жарияланды 15 Қазан 2024 19:02

(жаңартылды 16 Қазан 2024 09:50)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Черчесов қазақ тілі
Черчесов қазақ тіліне тағы да шүйлікті ме? / kff.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанның туризм және спорт министрлігі футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің мемлекеттік тілге қатысты әзіліне жауап берді. Министрлік тиісті талап хатты федерацияға жолдаған.

Әлеуметтік желіде Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған азаматқа бас бапкер: «Сен французша сөйлеп тұрсың ба?», – деп сөзін бөлген.

Министрлік осы бейнежазбаға байланысты федерацияға хат жолдап, Черчесовке мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіруді талап еткен. 

«Хатта мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керек екені айтылған», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік бұл талапты барлық федерацияға қоятынын атап өтіп, елдегі ұлттық құндылықтарды орынсыз әзілге қосуға болмайтынын ескертті.

Айта кетейік, ресейлік бапкер Черчесов бұл лауазымға 2024 жылдың маусымында келген. Кейбір ақпарат көздері оның жалақысы 1,2 млн еуро деген ақпарат таратқан. Футбол федерациясы бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен, бапкердің жалақысының көлемін жария етпеді.

Сондай-ақ оқыңыз