Ақша айырбастау пунктерінде доллар 493-495 теңгеден саудалануда

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллар бағамы 491,70 теңгені құрады. Осылайша төл валюта бір күнде 3,39 теңгеге, бір айда 10,59 теңгеге құнсызданды.
Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 491-495 теңге аралығында саудалануда. Ал Астанада 492-494 теңгеден сатылып жатыр.
28 қазан орташа сараланған бағам 1 долларға 487,81 теңге болған. 29 қазандағы ресми бағам да осы 487,81 теңге.

Сарапшылар теңге бағамына мұнай бағасының құлдырауы әсер еткенін айтады. Айта кететіні, 28 қазанда мұнай бағасы Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуынан 6% құлдырады. Brent бағасы 6,1%-ға төмендеп, барреліне 72 долларға жақындады. Ал WTI маркалы «қара алтын» барреліне 68 долларға дейін төмендеді. 29 қазан қайта қалпына келе бастады.
Бұл ретте биыл қаңтар – қыркүйекте ел бюджетіне салық жоспардан 24,4%-ға кем түскені белгілі болды.