Жапаров Қырғызстанның мемлекеттік әнұранын ауыстыруды қолдады

Жарияланды 30 Қазан 2024 10:22

(жаңартылды 30 Қазан 2024 10:22)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
әнұранын ауыстыруды
Жапаров Қырғызстанның мемлекеттік әнұранын ауыстыруды қолдады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің мемлекеттік әнұранын ауыстыру туралы бастаманы қолдайды. Бұл туралы ол «Кабар» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында айтты. 

Президенттің айтуынша, елдің қазіргі әнұраны өзектілігін жоғалтқан. Себебі 33 жыл бұрын жазылған.

«Оны жаңартудың несі жаман? Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын біз тәуелсіздікке қол жеткізген кезде жазылған. Бұл ән қырғыз халқына: «Енді сенің тағдырың сенің қолыңда, алға жүр» деген үндеумен қуанышпен және толқумен жазылды. Содан бері 33 жыл өтті. Біз толыққанды мемлекетке айналдық. Бізді бүкіл әлем біледі. Сонымен, жүз жылдан кейін біз «бостандыққа қол жеткіздік және тәуелсіз ел болдық» әнін жалғастырамыз ба? – деді президент.

Ол елдің тәуелсіз біртұтас мемлекет ретіндегі мәртебесін көрсететін жаңа әнұран жазуды ұсынды.

Айта кетейік, Қырғызстан гимнін өзгерту туралы бастаманы парламент спикері Нұрланбек Шәкиев ұсынған. Оны Қарақырғыз автономиялық облысының 100 жылдығына қарай өзгерту көзделген.

Қазақстан әнұраны соңғы рет 2006 жылы өзгертілген. Кеңес Одағы кезінде әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған «Менің Қазақстаным» әнінің сөзін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев өзгертіп, автор ретінде қосылып, жаңа әнұран деп жария еткен.

Сондай-ақ оқыңыз