Қазақстанда жаңа Changan UNI-V Sport көлігі сатылымға шықты

Жарияланды 30 Қазан 2024 11:19

(жаңартылды 30 Қазан 2024 12:52)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Changan UNI-V Sport көлігі сатылымға шықты / фото: Changan Auto Kazakhstan

Changan Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы UNI-V жаңа SPORT комплектациясының сатылымы басталғанын хабарлады. Бұл жаңа модель заманауи технологиялар мен спорттық стильді бағалайтын жүргізушілерге арналған.

UNI-V SPORT моделі 1,5 литрлі төрт цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған, оның қуаты 181 ат күшіне ие. Сонымен қатар жаңа модельде Super Race режимі қосылды, ол арнайы батырманы басқанда іске қосылып, артқы спойлер көтеріліп, қозғалтқышынан спорттық жарыс автокөлігіне тән дыбыс естіледі.

Күз-қыс мезгілінде ыңғайлы болуы үшін UNI-V SPORT рулінде жылыту, алдыңғы және артқы орындықтарында, сондай-ақ екі әйнегін электрмен жылыту және жаңбыр датчигімен жабдықталған.

Спорттық модельдің динамикасы мен жарқындығы сыртқы дизайнында да көрініс тапты. Дизайнерлер автомобильге автоматты түрде шығатын есік тұтқалары және 18 дюймдік дөңгелек дисктер арқылы ерекшелік берді.

Changan UNI-V SPORT моделі ресми дилерлік орталықтарда төрт түсте ұсынылған: ақ, қара, сұр және қоңыр. Көліктің ресм дилерлік орталықтардағы бағасы – 12 млн 590 мың теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 2022 жылдан бастап Chаngan автобрендінің құқықтарына елімізде «Астана Моторс» компаниясының еншілес ұйымы Chаngan Auto Kazakhstan ие. 2024 жылдың тоғыз айда ресми дилерлер Қазақстанда шамамен 13 мың Chаngan автокөлігін сатқан.

Сондай-ақ оқыңыз