Миллионер Эдуард Огай Кипрдегі тіркелген Kazakh Mining Company Limited компаниясына Жетісу облысында орналасқан «Көксай» мыс кен орнын сатты. Бірнеше жыл бұрын жасалған мәміле осы жазда күшіне енген.
«2024 жылғы маусымда Russian Cooper Company Limited компаниясымен акциялар үшін алдын ала төлем шарты бойынша Kazakh Mining Company Limited КМ пайдасына талап ету құқығын беру», – делінген «Көксай» мыс кеніне иелік ететін «Көксай» холдингінің 2023 жылға арналған қаржылық есебінде.
Ақпаратты бірінші болып байқаған Forbes.kz басылымының хабарлауынша, мәміле 3 жыл бұрын басталған. «Қазақмыс» Russian Copper Company Limited компаниясымен Көксайдың 60%-ын сату туралы келісім жасасқан. Сол кезде компанияға 100 млн алдын ала төлем жасалған. Келісімнің жалпы құны 305 млн доллар болған.
Kazakh Mining Company Limited КМ Кипрде тіркелген. Бұған дейін дәл осы компания ресейлік миллионер Игорь Алтушкиннің РМК компаниясынан Ақтөбе мыс компаниясының 90%-ын сатып алған. Ақтөбелік компанияның қаржылық есебіне сәйкес, қалған 10% голландиялық Integro Global Investments B. V. иелік етеді.
Айта кетейік, Эдуард Огай 2024 жылы Қазақстанның 75 бай бизнесменінің рейтингінде 13-ші орында болды. Жалпы мүлкі 800 млн долларға бағаланған. «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. «Kazakhmys Coal» ЖШС және «Kazakhmys Copper» АҚ-да 30% иелік етеді.