Brat – британдық Collins Dictionary сөздігі 2024 жылдың үздік сөзін таңдады

Жарияланды 1 Қараша 2024 15:14

(жаңартылды 1 Қараша 2024 16:05)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Brat - Collins Dictionary
Brat – Collins Dictionary сөздігінің 2024 жылдың үздік сөзі / Фото: Getty images

Ұлыбританиядағы Collins Dictionary сөздігі 2024 жылдың ең жылы әрі үздік сөзін таңдады. Лингвистердің таңдауы Brat сөзіне түскен. Kursiv LifeStyle Brat сөзінің мәдени құбылысқа қалай айналғанын түсіндіреді.

Ағылшын тіліндегі «Вrat» сөзі британдық әнші Чарли XCX-тің осы аттас альбомы арқасында танымал болды. «Brat» сын есімі альбомның атауы ғана емес, сонымен қатар, 2024 жылдың жазындағы мәдени құбылыс. Бұл альбом мұқабасының түсі, Лондонның түнгі көңіл-күйі, еркіндік, жеңілдік және поп-музыка деген мағынаны білдіреді.

Brat – кішкене бұзақылық жасауды, көңіл көтеретін кештерді ұнататын қыз бала дегенге жақын мағына береді. Ол кейде өз орнында жүргендей сезініп, кейде мүлдем басқа бағытқа кетіп бара жатқандай болғанда айтылатын сөз. Әншінің өзі сөздің мағынасын осылай түсіндірген.

Маусым айының басынан бері #brat хэштегі TikTok-та 13,8 миллиард қаралым жинаған. Мәдени құбылыстың танымал болғаны соншалық, Чарлидің CXC «Kamala is brat» твиттері АҚШ президенттігіне кандидат Камала Харристің сайлау науқанына бір күнде 81 млн доллар қайырымдылық қаржысын алып келген.

Сөздік «Brat» сөзінен бөлек delulu сөзіне де мән берген. Бұл шындыққа жанаспайтын дүниеге сенетін, әсіресе пұттарға сенетін адамдарға қатысты сөз. Бұдан бөлек, тағы бірнеше сөзге мән берген: lookmaxxing – сыртқы келбетін барынша жақсарту процесі, аnti-tourism – туризмге деген дұшпандық, supermajorities немесе үкіметке кез–келген заң шығаруға мүмкіндік беретін супер көпшілік, yapping – мағынасыз және ұзақ әңгіме.

Сондай-ақ оқыңыз