BeWoman ұйымдастырушысына медаль таққан алматылық алаяқ бас бостандығынан айырылды

Жарияланды 5 Қараша 2024 13:32

(жаңартылды 5 Қараша 2024 13:32)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
BeWoman ұйымдастырушысына медаль таққан алматылық алаяқ бас бостандығынан айырылды
BeWoman ұйымдастырушысына медаль таққан алматылық алаяқ бас бостандығынан айырылды / Фото: Shutterstock, бильд-редактор Аружан Махсотова

Алматы соты өзін мемлекеттік қызметші ретінде таныстырып жүрген алаяқ Арнұр Әпсейтовті қамауға алу туралы үкім шығарды. Ол алаяқтық жасағаны үшін бұрын шартты түрде бас бостандығынан айырылған. 17 қазанда өткен BeWoman форумында олигарх Сергей Канның жұбайы Жанна Канға медаль таққан.

Илон Масктың анасы Мэй Маск, Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким. ресейлік журналист Ксения Собчак және көптеген іскер адамдар қатысқан BeWoman Орталық Азия әйелдер форумы Алматыда қазан айында ғана өткен. Форум аясында Республика сарайының сахнасында Forbes тізіміндегі кәсіпкер Сергей Канның жұбайы әрі шараны ұйымдастырушысы Жанна Канға 21 жастағы Арнұр Әпсейітов «Адал еңбегі үшін» медалін тағылған.

Әпсейітовті жүргізушілер «Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына жәрдемдесу орталығы» төрағасының кеңесшісі және ҚР Құрметті азаматы деп таныстырған. Ал шын мәнінде ол бес жылға шартты түрде сотталған алаяқ болып шықты.

Sayasat.kz арнасы Әпсейітовтің жалған медальдарды бірнеше рет табыстап жүргенін жазған. Канға берілген «мемлекеттік төсбелгі» де жалған болып шыққан.

Басылымның мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында Арнұр Әпсейтов өзін Жастар ісі жөніндегі сенатор деп таныстырып, «Evergreen» ЖШС басшысынан алаяқтық жолмен 20 млн теңге алған. Осы ісі үшін 2023 жылдың қараша айында қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

4 қарашада Түрксіб аудандық соты шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысын қараған. Ведомствоның ақпаратынша, Әпсейітов уәкілетті органға хабар берместен, әкімшілік аймақтан шығып, ойын–сауық орындарына барған.

«Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатына жәрдемдесу орталығы» төрағасының кеңесшісі және ҚР Құрметті азаматы болып көрініп, іс-шараларға қатысып, телеарналарға сұхбат бергені анықталды», – делінген Алматы соттарының FaceBook парақшасында.

Сондай-ақ оқыңыз