Жаңалықтар

Қазақстанда 10 ай ішінде 460 мың тонна мұнай, газ және химия өндірілген

2024 жылы мұнай-газ-химия өндірісі артқан / Фото: kursiv.media

10 айда Қазақстанда 460,7 мың тонна мұнай-газ-химия өндірілген. Бұл жайлы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171,2%-ды құрады»,- делінген хабарламада.

Ал 2023 жылы өндіріс көлемі 269 мың тонна көлемінде болған. Министрлік бұл орайда 2024 жылы саланың барлық өнімдері бойынша өсім көрсеткенін хабарлайды. Атап айтқанда:

  • метил-терт-бутил эфирі – 37,3 мың тонна (2023 ж. – 33,1 мың тонна);
  • полипропилен – 241 мың тонна (2023 ж. – 154,1 мың тонна);
  • бензол – 26,6 мың тонна 133% (2023 ж. – 20 мың тонна);
  • параксилол – 109,4 мың тоннаны құрап 6 есеге ұлғайған (2023 ж. – 17,8 мың тонна);
  • майлау материалдары – 46,2 мың тонна (2023 ж. – 43,9 мың тонна).

Бұл мұнай өнімдері ЕО, ТМД, Қытай, Түркия, Ресей елдеріне экспортталған. Министрлік өндіріс көлемі алдағы жылдары өсе түседі деп болдап отыр. Өйткен алдағы уақытта мұнай өңдеумен айналысатын бірнеше ірі жобалардың құрылыс аяқаталады. Сонымен бірге жылдық қуаты 305 мың тоннаға дейін бутадиен және оның туындыларын, полиэтиленді өндіру бойынша жобалар іске асырылмақшы. Бұл зауыттың құрылысы 2030 жылы аяқталады деп жоспарланған.