Жапония Ресейге автокөлік экспортына салынған санкцияларды ішінара алып тастады

Жарияланды 11 Қараша 2024 11:32

(жаңартылды 11 Қараша 2024 11:37)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Жапон билігі Ресейге тыйым салынған көліктерді тасымалдауға ресми түрде рұқсат берді / Архив: kursiv.media

Жапония санкциялық құжаттарды түзетіп, Ресейге гибрид автокөліктерді импорттауға рұқсат берді. Енді ресейліктер нарықта Honda, Suzuki, Mazda, Mitsubishi, Nissan, сондай-ақ Mercedes және Audi гибрид модельдерді сатылады.

Сарапшылар «бұл талапты жеңілдету емес, нақтылау» деген тоқтамға келді. Өйткені гибридтерді экспорттауға тыйым салу бастапқыда қарастырылмаған. Жапондық брокерлердің айтуынша, қазір гибридтердің сатылымы төмендей бастаған. Сондықтан жапондық компаниялар тыйымдарды қайта қарауға шешім қабылдады.

Бұл ретте экспортқа рұқсат алуға құқылы автокөліктердің ішінде: Honda Fit, CR-Z, Insight; Nissan Day-Z; Suzuki Swift, Solio, Hustler және Mazda Carol бар.

Шектеу алынғанға дейін Жапониядағы Honda Insight немесе Honda Fit сияқты танымал модельдер 1 млн рубльден төмен бағаға сатып алуға болады. Ресейліктерге экспорт ашылғаннан кейін нарықта бұл көліктердің бағасы қымбаттайды деп күтілуде.

Жапон гибридтері мен электромобильдерін экспорттауға тыйым салу 2023 жылдың тамызында енгізілді. Бұған дейін, Toyota компаниясының табысы төмендегенін хабарлаған едік. Авто зауытта өндіріс қысқарып, сұраныс азайған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз