Илон Маск Трамптың саяси шешімдеріне әсер ете ала ма?

Жарияланды 12 Қараша 2024 09:19

(жаңартылды 12 Қараша 2024 09:19)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Илон Маск и Дональд Трамп
Илон Маск Трамптың саяси шешімдеріне әсер ете ала ма? / Фото: Shutterstock

Американдық миллиардер және кәсіпкер Илон Маск АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың кадрлық шешімдеріне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ABC News басылымы сенімді ақпарат көздеріне сүйеніп жазған.

Басылым жазуынша, Маск күн сайын Флоридадағы Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында барады. Сондай-ақ, жаңа президент Украина президенті  Владимир Зеленскиймен және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескенде жанында болған. 

Сондай-ақ, Маск Трамптың кадрлық шешімдеріне баға беріп отырады. Мәселен, Трамп Элис Стефаникті БҰҰ-дағы АҚШ өкілі ретінде таңдаған тұста, кәсіпкер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл шешім өкілдер палатасындағы республикашылар позициясына қалай әсер ететіні туралы сұраған.

«Элис мықты! Бірақ оны палатадан алып тастау өте қауіпті болуы мүмкін. Әсіресе дәл қазір оны жоғалтуға болмайды», — деп жазды Маск.

Басылым, бұған қоса, Маск Трамптың Ақ үйге көшу процесін басқаратын Ховард Лютникпен жақын қарым-қатынаста екенін жазған.

Алайда Трамп Масктың пікіріне құлақ аса ма, жоқ па нақты дерек жоқ.

Бұған дейін Axios порталы Маск Трамп Владимир Зеленскиймен телефон арқылы тілдескенде, оның жанында болып, қазір Украина Қарулы күштері пайдаланып жүрген Starlink спутниктерімен Украинаны одан әрі қолдауға уәде бергенін жазған.

Айта кетейік, Маск Трамптың президенттік сайлаудағы компаниясына қолдау білдіріп, АҚШ-тың бірнеше штатында Трамп жақтаушылары арасында лотерея да ойнатқан. Басты жүлде 1 млн доллар болған. Трамп өзі жеңіске жеткеннен кейін сайлаушылар мен өз отбасына және Илон Маскке ерекше алғыс айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз