Бейсенбі, 21 қарашада АҚШ-тың санкциясына ұшыраған Мемлекетаралық банк Қазақстан қор биржасының (KASE) валюта нарығындағы сауда мүшесі екені мәлім болды. Бұған KASE мәліметтері айғақ болып отыр.
Мемлекетаралық банкті 1993 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше бірқатар елдер құрған. Қазіргі уақытта оның қатысушылары – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Түркіменстан.
«Банк бірінші кезекте ТМД елдеріндегі мемлекетаралық сауда шеңберінде есеп айырысу қызметтерін көрсетеді, орталық банктерге қолдау көрсету үшін талдау және экономикалық зерттеулермен айналысады, сондай-ақ акционер елдердегі ақша-несие саясатын үйлестіреді», – деді банк рейтінгісін сараптаған Несие рейтингін талдау агенттігі.
АХҚО-дағы НРТА филиалы (Астана, Қазақстан) 2019 жылы ресми түрде ашылды. Ол АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен лицензия алған алғашқы рейтингтік агенттік болды. Агенттік кредиттік рейтингтерді эмитенттердің барлық санаты бойынша бекітеді.
Мемлекетаралық банк Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы орталық (ұлттық) банктері төлем жүйелерінің тікелей қатысушысы болып табылады.
Банк бірінші кезекте ТМД елдеріндегі мемлекетаралық сауда бойынша есеп айырысу қызметін көрсетеді, орталық банктерді қолдау мақсатында талдау және экономикалық зерттеулермен айналысады, акционер елдердегі ақша-несие саясатын үйлестіреді. Алайда банк несие бермейді.
Талдау агенттігі 28 тамыз күні жариялаған материалында алда кездесетін сын-қатерді сипататй отырып, банк контрагенттерінің құны ресейлік валютада көрсетілген міндеттемелерді орындау қабілетінің төмендеуі, қаржыландыру және өтімділік позициясының нашарлауы мүмкін екенін хабарлаған.