Жаңалықтар

Қазақстандық банктер ISO 20022 стандартына келесі жылы ауысады

Банктер ISO 20022 стандартын қаңтар айында іске қосады/ фото: Еуразия банкі сайты

2025 жылдың 13 қаңтарында екінші деңгейлі банктер жаңа халықаралық стандартқа көшеді.

Қазақстандық банктер өз клиенттеріне ISO 20022 халықаралық стандартына көшу 2024 жылдың 25 қарашасынан 2025 жылғы 13 қаңтарға шегерілгенін хабарлады.

Еуразия банкі, ForteBank, ЦентрКредит Банк, Халық банкі, Bereke Bank және Freedom Bank сайттарында осыған байланысты хабарлама жариялады. Бұған дейін банктер халықаралық стандартқа 2024 жылдың 25 қарашасында көшеді деп жоспарланған болатын.

6 қарашада Ұлттық банк 2024 жылдың қараша айының соңына дейін жаңа стандартқа көшетінін мәлімдеді.

ISO 20022 – банктер арасындағы қаржылық хабарламаларды электронды алмасуға арналған халықаралық стандарт. Ол транзакцияның тегіс және ашық өңделуін қамтамасыз ету үшін хабарлама пішімдерін стандарттайды.

Жаңа стандартқа сәйкес заңды тұлғалар филиалдар атынан міндеттемелерді төлеу кезінде өзінің атын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН), мекенжайын және байланыс дерегін көрсетуі тиіс.

Төлеуші ​​мен алушы деректерінің дұрыстығы үшін жауапкершілік мәміленің бастамашысына жүктеледі.

Негізгі жаңартулардың бірі – төлем құжаттарына ақша жіберушінің/бенефициардың, сондай-ақ нақты төлеушінің/алушының резиденттік елін көрсету үшін өрістер қосылады.

Өзгерістер теңгедегі барлық сыртқы төлемге қатысты.