Омбыда ашылған ҚазҰУ филиалында «қазақ филологиясы» мамандары дайындалады

Жарияланды 28 Қараша 2024 08:35

(жаңартылды 28 Қараша 2024 09:43)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Омбыда «қазақ филологиясы» мамандары дайындалады
Омбыда «қазақ филологиясы» мамандары дайындалады / Фото: shutterstock

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты. Онда «қазақ филологиясы» мамандары дайындалады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Алғашқы талапкерлер 2025 жылдың қыркүйегінде қабылданады. Оларға Қазақстан мен Ресей үкіметтері бірлесіп 200 грант бөлуді жоспарлап отыр.

ҚазҰУ филиалы Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында ашылды. Мұнда «Қазақ филологиясы», «Халықаралық қатынастар» және «Кеден ісі» секілді мамандықдар бойынша бакалавр және магистр студенттер оқи алады. Олардың қос диплом алу мүмкіндіктері болашақта қарастырылады.

«Филиалдағы оқу үдерісін ұлттық университеттің оқытушы-профессор құрамы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді. Алдағы уақытта шетелдік ғалымдарды тарту көзделіп отыр», – делінген хабарламада.

Филиалда Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев және Нәзір Төреқұлов сынды тұлғалардың атымен аталған 10 кабинет жасақталған.

Сондай-ақ оқыңыз