«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының басшылық құрамындағы адамдар өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы департаменті тексеру шараларын жүргізген. Тексеріс қорытындысында компания филиалының бұрынғы басшысы мен оның қарамағындағы қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеті анықталды.
«Олар Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан», – делінген сыбайлас жемқорлық қызметі таратқан хабарламада.
Осының салдарынан мемлекет пайдасына 450 миллион теңгеден астам материалдық залал өндіру керек.
«Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысанға тыйым салынды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды», – деп хабарлады Антикор.