Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласында қаржы салып, табыс табуға болатын қандай бағыттар бар?

Фото: shutterstock

2024 жылдың ІІІ тоқсанында денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызмет құны 945 млрд теңгеден асқан. Бұл сұраныс өсіп жатқанын және медициналық қызмет сапасын арттыру керек екенін байқатады.

Осы ретте Economy басылымы жеке инвесторлар, инновациялық компаниялар мен шағын бизнеске қызықты болатын бизнес-нишаларды ұсынады.

Қызметтің басым бөлігін – 50,7%-ын (479,1 млрд теңге) ауруханалар көрсеткен. Алайда дәл осы салада арнайы клиникалар мен иннгвациялық медициналық технологиялар жетіспейді. Телемедицина, диангностикадағы шешімдер мен жеке емдеу бағдарламасын ұсынатын компаниялар бұл нишаға назар аударса болады

Сонымен қатар дәрігерлік практика және басқа да медициналық қызмет ұсынатын ұйымдардың үлесі 33%-ды құрайды. Бұл сегмент отбасылық медицина, денсаулыққа арналған мобайл қосымшалар және алдын алу қызметін ұсынатын стартаптарға есігін айқара ашады.

Үшіншіден, қарт кісілерге күтім жасау қызметін ұсынатын арнайы пансионаттар, орталықтар тым аз. Нарықта жатын орынмен әлеуметтік қызмет ұсынатын компаниялар қатары сирек. Олардың нарықтағы үлесі 3,6% немесе 34,3 млрд теңге. Сарапшылар осындай пансионаттар табысты ғана емес, әлеуметтік маңызы бар кәсіп түріне айнала алады деп сараптайды.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында жеке компаниялардың үлесі 37,5%-ды құрайды. Сарапшылар сұраныс өсіп жатқандықтан, сұранысқа сай ұсыныс болмай тұрғаныны жазады. Атап айтқанда, жеке зертханалар, диагностикалық орталықтар мен мобильді медициналық кабинетттер өсім нүктесіне айналуы ықтимал.

Жасанды интеллект, ірі дата және медициналық қосымша саласында жұмыс істейтін компаниялар дербес диагностика, процестерді автоматтандыру және денсаулықты қашықтан бақылау үшін шешімдер ұсына алады.