«Астана» футбол клубы 9 желтоқсанда УЕФА Конференциялар лигасы аясында өтетін «Челси» командасымен матч билеттерін сатудың екінші кезеңін бастағанын хабарлады. Билеттерді тек ресми zakazbiletov.kz сайты арқылы сатып алуға болады.
Еске сала кетейік, алғашқы кезеңі 24 қарашада сатылып басталған билеттер сол күні-ақ сатылып кеткен болатын.
Сондай-ақ клуб басшылығы билеттерді сатуда мынадай қауіпсіздік шараларын енгізді:
- Бір адамға 4 билеттен артық сатылмайды. Билеттер сатып алушының электрондық поштасы, телефон нөмірі және төлем картасы арқылы жүзеге асырылады.
- Билеттер жеке тұлғаның атына рәсімделеді. Тапсырыс беру кезінде әр келушінің деректері енгізілуі қажет. Матчқа қатысу үшін құжат алып келу міндетті.
- Матчқа кіру құқығын беретін QR-коды бар электрондық билет матч күні электрондық поштаға жіберіледі.
«Астaна» мен «Челси» арасындағы ойын 12 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Орталық» стадионда өтеді. Матчтың басталуы – 20:30.