Астана мен Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада 50-ден астам түрлі ресми және мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
Мерекелік іс-шаралар тізбегі:
- 11 желтоқсан: 19:00-де Жас көрермендер музыкалық театрында «Гауһартас» спектаклі қойылады.
- 13 желтоқсан: Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте Тәуелсіздік күніне арналған оркестр концерті мен «Тәуелсіздік – жастарға тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
- 14 желтоқсан: 10:00-де «Қазанат» ипподромында қалалық жарыстар өткізіледі.
Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Жетістіктерімді туған жеріме арнаймын» челленджінің жеңімпаздарымен және қалалық, республикалық олимпиада жеңімпаздарымен кездесу өтеді.
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Қоңыр үнді аманат» және «Ән салайық бәріміз» мерекелік концерттері өтеді. - 15 желтоқсан: М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Әлия» спектаклі көрсетіледі.
- 16 желтоқсан: А.Мамбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасына қойылған спектакль өтеді.
- 17 желтоқсан: 19:00-де Жас көрермендер музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» спектаклі сахналанады.
Сонымен қатар, Байқоңыр ауданында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына арналған «Қамқорлық мекенжайы» акциясы аясында тегін кинотеатрға бару ұйымдастырылады. Зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалап, азық-түлік тарату шаралары жоспарланған. Жастар сарайы алаңында мұз қалашығы ашылып, қысқы спорт түрлерінен ойындар өтеді. Аудан ұйымдары арасында үстел теннисінен турнир өткізіледі.