2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстаннан Қазақстанға автокөліктерді тасымалдау тоқтайды

Жарияланды 9 Желтоқсан 2024 19:40

(жаңартылды 9 Желтоқсан 2024 22:40)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
Қырғызстаннан Қазақстанға автокөліктерді тасымалдау тоқтайды/ фото: kursiv.media

Қырғызстаннан Қазақстанға автокөлік импорты әлдеқайда артқан. Kolesa.kz жазуынша, 2022 және 2023 жылдарды салыстырғанда, импорт 38 есе ұлғайған.

Көрші елден келген көліктер Ресейге де асып жатыр. Енді импорт қарқыны төмендеуі мүмкін.

Еуразиялық экономикалық одақ электронды көлік құжатын рәсімдей бастайды.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің министрлігінің Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Әділбек Бектібаевтың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда көліктерді бастапқы тіркеу кезінде тек электронды техникалық көлік құжатын ұсыну қажет болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2024 жылғы 7 қазандағы №743 бұйрығында көрсетілген.

E-КТҚ халықаралық шарттарға сәйкес, автокөлік кеденнен өткен елде ғана беріледі. Қырғызстан арқылы әкелінген жағдайда автокөліктің электронды төлқұжатын сол елдің үкіметі жасап, ұлттық жүйеге енгізуі керек. Сондай-ақ бұл жүйе ЕАЭО-ның басқа елдерінің, соның ішінде Қазақстанның базаларымен біріктірілуі керек. Бірақ бүгінде мұндай интеграция жоқ.

Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Әділбек Бектібаевтың мәліметі бойынша электронды жүйеде әзірше Қазақстан Беларуссиямен базасы біріктірілген. Ал РФ жүйесімен біріктіру аяқталуға жақын. Қазақстан ЕАЭО шарттарын орындауға мүдделі. Ал Қырғызстан билігі электронды көлік құралының техникалық құжаты жүйесін енгізу бойынша жұмысты бастаған да жоқ. Сол себепті жаңа жылдан бастап көрші елден көлік импорты кідіретіні анық.

Сондай-ақ оқыңыз