Банк пен қаржы

Жақында қызметінен кеткен Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды

Фото: kursiv.media

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ол қарашаның соңында Өскемен қаласы әкімі қызметінен өз еркімен кеткен. Қазір Шығыс Қазақстан облысын Ермек Көшербаев басқарады.

Өскемен қаласын 6 жылдан астам уақыт басқарған шенеунік қыметінен кеткенін әлеуметтік желіде өзі жариялап, «әр нәрсенің өз уақыты бар екенін» айтқан.

Ол 2009-2013 жылдары да Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған.

Ал 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары болды 2018 жылдан бері Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.

Өскемен қаласына әкім 11 желтоқсанда тағайындалды. Бұл қызметті енді Алмат Ақышов атқарады. Ол соңғы екі жылда Күршім ауданы әкімінің қызметін атқарған