Бір жыл ішінде экономикаға берілген несиенің 46%-ы бизнесмендерге тиесілі
Биыл кең ауқымдағы экономикаға берілген несие сомасы 39,8 трлн теңгеге жетті. Сонда 1 қарашадағы жағдай бойынша бір жыл бұрынғы кредит көлемінің бестен бір бөлігіне артық.
Жалпы несиенің 46%-ы кәсіпкерлерге берілген. Қалғанын тұрғындар рәсімдеген.
«Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 17,7% – ға өсіп, 18,3 трлн теңгені құрады, халыққа кредиттер 23,8% – ға 21,5 трлн теңгеге дейін өсті», – деп хабарлады Ұлттық банк.
Теңге бойынша алынған несие саны 18%-ға ұлғайды. 36 трлн теңгеге жуық қаражат төл валютамен алынды. Шетел валютасы бойынша кредит 3,9 трлн теңгеге өсті. Оның өсімі 55%-дан асты.
Несие ресурстарының 85,5%-ын банктер үлестірген. Басқа ұйымдар 5,7 трлн теңге кредит ретінде берген.
Ипотекалық несие 280,5 млрд теңгені құрады. Ал микроқаржы ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордағы компаниялар 2,7 трлн теңге кредит ұсынған.