16 желтоқсан күні Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Әмір Омарханов теннистен жасөспірімдер арасындағы ең беделді жарыстардың бірі — ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінде топ жарды. Турнир АҚШ-тың Флорида штатындағы Плантейшен қаласында өтті.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, финалда қазақстандық теннисші ресейлік теннисші Тимофей Дерипаскомен жұптасып, швейцариялық Анри Берно мен словакиялық Денис Петакадан 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді. Бірінші сетте жеңіліп қалғанына қарамастан, Омарханов пен Дерипаско екінші сетте сенімді ойнап, шешуші тай-брейкте қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.
Orange Bowl — жыл сайын өтетін дәстүрлі турнир және жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты саналады. Жас теннис жұлдыздары жасыл топырақты ашық корттарда шеберліктерін көрсетеді.