Зейнетақы жинағындағы қаржыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін- БЖЗҚ
Зейнетақы жинағындағы қаржыны тек зейнет жасына толғанда, шетелге кеткенде немесе мұрагерлік үшін алуға болады. Заңда бекітілген жағдайдан басқа себеппен қаржыны шешіп аламын деу алаяқтық деп ескертеді зейнетақы қорының баспасөз қызметі
Қор өкілдерінің жазуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинағын алуға көмектесемін деген ұсыныстар тарап кеткен. Бірақ ондай қызметке келіссеңіз, ақшаңызды айырылып қаласыз. Тіпті сіздің жеке дерегіңізді басқа алаяқтық мақсатта қолданып кетуі мүмкін деп ескертті зейнетақы қор мамандары.
Заң бойынша, зейнетақы қорындағы қаржыны зейнет жасына толғанда, 1 немесе 2 топ мүгедектігі болғанда, шетелге тұрақты көшіп кеткенде немесе мұрагерлік үшін алуға болады. Ал зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана жағдайын жақсарту үшін немесе емделу үшін алуға рұқсат берілген. Нақты айтқанда:
- ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар (ТЖШ-дан асатын сома шегінде);
- зейнетақысы жоғалған табыстың (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер – олар шотта қалған жинақтарының 50% дейін пайдалана алады;
- еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинақтарының 100% дейін пайдалана алады);
- зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинақтарының 100% дейін пайдалана алады).
Зейнетақы жинағын тұрғын үй немесе емделуге пайдалану үшін екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгіну керек. Оған делдалдық қызмет керек емес. БЖЗҚ-да ешқандай ақы алмайды.
«БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді», – деп жазылған қор сайтында.