«Ең қымбаты – Kaspi, ең арзаны – Air Astana»: Қазақстандық жария компаниялардың нарықтық құны қанша?
Қазақстандық жария компаниялар арасында ең қымбаты – Kaspi болса, ең арзаны – Air Astana. Қазақстан миноритар акционерлерінің қауымдастығы (QAMS) биржа индекстеріне сүйене отырып, отандық 10 компанияның нарықтық құнын есептеген.
Индекске енген компаниялырдың жалпы нарықтық құны 57.3 млрд долларды құрайды. Нарықтың 91,5%-ы үздік төрттікке тиесілі:
- Kaspi (KSPI);
- ҚазМұнайГаз(KMGZ);
- Қазатомөнеркәсіп (KZAP);
- Halyk Bank (HSBK).
Жеке акционерлер қауымдастығының есебінше, жария компаниялардың арасындағы ең қымбаты Kaspi. Оның нарықтық құны – 20 млрд доллар. Kaspi финтех тобы Halyk. компаниялар тобынан 3,8 есе қымбат. Сарапшылар оған бірнеше себеп бар екенін жазады.
Біріншіден, Kaspi акциялары өтімділігі жоғары NASDAQ биржасында саудаланады. Ал Halyk тобының бағалы қағаздары Лондон қор биржасында айналымда жүр. Екіншіден, инвесторлар Kaspi-ді фин-тех компания ретінде қабылдайды. Ал Halyk-ты тек банк деп есептейді.
Нарықтық құны бойынша екінші орында «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы келеді. Бұл компанияның құны – 17,1 млрд долларға тең. Ал «Қазатомөнеркәсіптің» нарықтық құны 9,9 млрд долларды құрайды. Halyk тобының қазіргі құны 5 млрд доллардан асады.
Үздің төрттіктен кейін орналасқан компаниялардық нарықтық құны төмендегідей:
- Kcell -1,3 млрд доллар;
- Қазақтелеком – 886 млн доллар;
- KEGOC – 811 млн доллар;
- Банк ЦентКредит – 783 млн доллар;
- ҚазТрансОйл – 617 млн доллар.
Бұл тізімді Air Astana компаниясы тұйықтайды. Оның нарықтың құны 560 млн долларды құрайды. QAMS сарапшылары әуе компаниясы жолаушы тасымалы саласындағы монополист болса да, әлемдік нарық стандарты бойынша, шағын компания қатарына енетінін жазады.