2024 жылдың 11 айында банктер 2,3 трлн теңге таза пайда тапқан

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың 11 айында Қазақстандағы 21 екінші деңгейлі банктің активтері 7,8 трлн теңгеге өскен. 1 желтоқсандағы дерекке сүйенсек, банктердің актив көлемі 59,2 трлн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш қаңтар айымен салыстырғанда 15%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық банктің қаржы секторы бойынша жариялаған есебінде жазылған.

Үш банктің актив көлемі артты

7,8 трлн теңге активтің үштен екі бөлігі ірі банкке тиесілі. Halyk Bank-тің активі 11 айда 2,45 трлн теңгеге өссе, Kaspi Bank активі 1,1 трлн теңгеге артқан. Ал Банк ЦентрКредиттің меншікті активі 1,36 трлн теңгеге көбейген.

Жалпы биыл санкцияға ұшыраған ресейлік банктің еншілес ұйымы – ВТБ-Қазақстаннан басқа қаржы ұйымдарының активтері өскен. ВТБ-Қазақстанның автивтері, керісінше, 5,2 млрд теңгеге азайған.

Банктер 11 айда қанша пайда тапты?

Банктер 11 айда жалпы 2,33 трлн теңгеден аса таза пайда тапқан. Жоғарыда аты аталған үштік көш бастап тұр. Halyk Bank-тің 11 айдағы таза пайдасы 793,3 млрд теңгені құраса, Kaspi Bank 490,9 млрд теңге пайда алған. Ал Банк ЦентрКредит осы кезеңде 177,1 млрд теңге таза табысқа қол жеткізді.

Актив көлемі бойынша алтыншы орында тұрған Jusan Bank таза пайдасын 148,5 млрд теңгеге жеткізген. ForteBank 137,6 млрд теңге таза пайда алса, тұрғын үй операторы – «Отбасы банк» 111,6 млрд теңге таза пайда тапты.

Несие порфелінің сапасы қандай?

Екінші деңгейлі банктердің активтерімен қатар, несие портфелі де өскен. 11 айда банктердің берген несиесі 5,1 трлн теңгеге артты (+17%). Несие порфелінің көлемі артуымен қатар, сапасы да біршама нашарлағаны байқалады.

Өйткені ЕДБ балансындағын мерзімі өткен несиелердің үлесі 863,8 млрд теңгеден 1,13 трлн теңгеге дейін жеткен. Яғни 11 айда үштен бір есе өсті. Бұл сома Қазақстан банктері несие портфелінің 3,22%-ын құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз