2025 жылы «Болашақ» степендиясының талаптарына қандай өзгеріс енуі мүмкін?
2025 жылы «Болашақ» халықаралық степендиясына іріктеу мен тағайындау ережесіне өзгеріс енуі мүмкін.
Үміткерлер жаңа конкурстық негізде іріктеліп, мемлекеттік қызметшілерге бағдарлама аясында магистратураға тапсыруға мүмкіндік берілмек. Қазір тиісті қаулы жобасы Үкіметтің қарауына жіберілген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің KursivMedia ресми сауалына берген жауабында жазылған.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді», – делінген жауапта.
Мемлекеттік қызметшілер «Болашақпен» магистратура оқуы мүмкін
Егер үкімет осы қаулы жобасын қабылдаса, «Болашақ» бағдарламасының қағидаларына мынандай өзгерістер енгізілуі мүмкін:
Біріншіден, жаңа конкурстық іріктеу механизмі енгізілмек. Соған сәйкес, конкурстық турлардың нәтижелерін бағалау жүйесі енгізіліп, кейіннен келесі турға жіберіледі.
«Бұл механизм бастапқы кезеңде дайындық деңгейі төмен қатысушыларды іріктеу мақсатында әзірленді. Бұл ресурстарды білікті және дәлелді үміткерлерге шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ іріктеу процесін неғұрлым ашық және айқын етуге көмектеседі», – деп тұжырымдайды министрлік өкілдері.
Екіншіден, қаулы жобасы мақұлданса, мемлекеттік қызметшілер «Болашақ» бағдарламасы арқылы магистратураға тапсыра алады. Бұл мемлекеттік аппарат үшін білікті мамандар даярлауға ықпал етпек.
Үшіншіден, енді «Болашақ» степенциясынан үміткерлер тапсыратын құжаттар қатарына «уәждемелік хат» қосылуы мүмкін.
«Осы құжатты енгізу үміткерлердің кәсіби және академиялық мақсаттары негізінде олардың объективті бағалануын қамтамасыз етеді,. Бұл Республикалық комиссияның салмақты әрі негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді», – делінген жауапта.
«Болашақ» степендиясына қайта тапсыру мүмкіндігі берілмек
«Болашақ» бағдарламасының іріктеуіне өте алмай қалғандарға сол жылы қайта тапсыру мүмкіндігі берілмек.
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» стипендиясын тағайындаудан бас тартылған үміткерлердің ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуын шектейтін ереже алынып тасталды», – дейді министрлік.
Сонымен қатар «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да орналастыру үшін академиялық оқуды аяқтағаннан кейін ,қорытынды жұмысты (болған жағдайда) міндетті түрде ұсыну туралы шартты енгізілмек.
Одан бөлек, «Болашақ» түлектеріне степендияны елде ғана емес, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдері бар халықаралық және өңірлік ұйымдарда еңбекпен өтеуіне мүмкіндік беру қарастыралып жатыр.