«Қазақтелеком» компаниясы нарықтан 59 млрд теңге тартпақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: «Қазақтелеком» баспасөз қызметі

«Қазақтелеком» компаниясы нарықтан 59 млрд теңге қарыз тартады. Бұл – жалпы құны 100 млрд теңге болатын облигациялық бағдарламаның екінші бөлігі. Директорлар кеңесінің шешімі Қазақстан қор биржасының сайтында орналастырылған.

Екінші транш аясында орналастырылатын купондық облигациялардың номиналды құны 1000 теңгені құрайды. Биржадағы хабарламада басқа мәлімет көрсетілмеген.

41 млрд теңге көлеміндегі бірінші шығарылым 1 қараша күні Астана халықаралық қаржы орталығы биржасында (AIX) орналастырылған. «Қазақтелекомның» бұл облигацияларының купондық мөлшерлемесі жылдық 14,75%-ды құрайды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі — үш жыл.

«Қазақтелеком» компаниясының негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры. Ол 71,32 пайыз акциясын иеленеді. Ал 8,1 пайыз акциясы First Heartland Jusan Bank-ке тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз