Астанада жаңа жылдық отшашуды қай жерден көруге болады?

Жарияланды 30 Желтоқсан 2024 15:03

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін Жаңа жыл түні ерекше шаралар ұйымдастырылады. Мерекелік отшашуды 31 желтоқсан күні сағат 00:00-де екі жерден тамашалауға болады. Отшашу демеушілердің қаржысы есебінен өткізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жазылған.

Отшашу қай жерлерде өтеді?

Отшашу өтетін негізгі алаңдар Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірінің аумағы. Әр локацияда шамамен 2,5 мың рет отшашу атылады.

Сонымен қатар жаңа жыл түні мерекелік бағдарламалар үш жерде өтеді:
қалалық алаң мен «Қазақ елі» монументі жанында, ЭКСПО аумағында.

Бұл шаралар 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап 1 қаңтар түнгі 02:00-ге дейін жалғасады. Концерттерге қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар қатысады.

Жаңа жыл мерекесіне арналған күндізгі шаралар да бірнеше орында ұйымдастырылады: Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайында, Орталық саябақта, Ататүрік саябағында, «Өндіріс» тұрғын үй алабында, «Көктал» саябағында.

Сондай-ақ оқыңыз