CNN Travel ресурсы 2025 жылы саяхаттауға болатын 25 бағытты ұсынды. Оның ішінде саяхаттау керек ең үздік бағыт ретінде бірінші орынға Алматыны қойған.
Ресурс Алматыдағы табиғи ландшафттар мен дамыған урбанистік мәдениеттің бірігуі нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» атанып отырғанын айтады.
“Алматы — дәмі тіл үйіретін тағамдардан бастап, түнгі өмір, заманауи өнер мен мәдениеті өркендеп келе жатқан әлемдегі сирек қалалардың бірі. Сонымен қатар Тянь-Шань тауларының етегінде орналасуы саяхатшыларға табиғаттың таза сұлулығына оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
CNN қаладағы көрікті орындар ретінде метро станцияларын, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен«Целинный» заманауи мәдениет орталығын атайды. Сондай-ақ Neo Nomad асханасын, Медеу аңғарындағы AUYL мейрамханасын ұсынып, гастрономиялық саяхатты дәл осы жерден бастауға кеңес береді.
Бұдан бөлек тізімде Германия, Боливия, Үндістан, Польша елдері енген.