2024 жылы Әзербайжаннан Қазақстанға аударылған ақша көлемі 1,5 есе өскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

2024 жылдың 9 айында Әзірбайжаннан Қазақстанға 7,23 млн доллар аударылған. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 52%-ға артық. Бұл туралы Әзербайжан орталық банкіне сілтеме жасай отырып, «Вестник Кавказа» басылымы хабарлайды.

Егер 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Әзербайжаннан Қазақстанға 7,32 млн доллар аударылса, алдыңғы жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 4,82 млн долларды құраған.

Осы үрдіс төртінші тоқсанда да сақталса, 2024 жылдың соңына қарай Әзірбайжаннан Қазақстанға аударымдардың жалпы көлемі 11,35 млн долларға жетуі ықтимал.

Қазіргі уақытта Әзірбайжаннан Қазақстанға жасалатын аударымдар жалпы көлемінің 1,8%-ын ғана құрайды. Сонымен қатар Әзірбайжанға басқа елдерден қарапайым азаматтар жылына 1,5 млрд доллардан астам қаражат аударады.

Ұлттық банк дерегі бойынша соңғы кезеңде Қазақстаннан Әзербайжанға 921 млн теңге ақша аударылған. Жалпы аударым сомасындағы үлесі 1,6 пайызға тең.

Сондай-ақ оқыңыз