АҚШ санкцияны айналып, Ресеймен байланысқан қырғыз банкін қара тізімге енгізді

Жарияланды
Америка Қаржы министрлігі қырғыздың Керемет Банкіне санкция салды \ Фото коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ қырғыздың Керемет Банкіне қарсы сакнция салды. Американың Қаржы министрлігі (OFAC)  ұйымды антиресейлік санкцияларды айналып, әрекет етіп отыр деп айыптайды.

Америкалық ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың жазынан бастап қырғызстандық банк санкцияларды айналып өту үшін ресейлік Промсвзяьбанк (ПСБ) және басқа да лауазымды тұлғамен байланысып, ПСБ атынан трансшекаралық аударымдар жасаған.

OFAC Промсвязьбанкті 2022 жылдағы санкциялық тізімге  қосқан еді. Сол кезде Вашингтон банкті Ресей қорғаныс секторы үшін жұмыс істейді деп айыптаған.

«Банк ресейлік әскери-өндірістік базаның кәсіпорындарына қаржылай қолдау білдіру үшін миллиард доллар бөлген», – деп атап өткен АҚШ Қаржы министрлігі.

OFAC мәліметінше, 2024 жылы Қырғызстанның Қаржы министрлігі Керемет Банкінің бақылау акциясын «ресейлік үкіметпен байланысы бар олигархқа жақын» фирмаға сатқан. Бірақ ол фирманың атауы нақтыланған жоқ. Америкалық ведомство Керемет Банкін сатып алу бойынша мәміле Ресей «санкцияларды айналып өтіп, экспорттан төлем қабылдап, импортқа қаражат алу үшін» жасалған дейді.

Бұған дейін АҚШ-тың Ресейден бөлек бірнеше елдің компанияларына санкция салғанын жазған едік. Қара тізімге іліккендер арасында Қытай, БАӘ, Түркия, Малайзия, Ұлыбритания және Қырғызстан компаниялары да болған.

Сондай-ақ оқыңыз