Forbes Italia Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық елдер тізіміне қосты

Жарияланды 17 Қаңтар 2025 16:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық елдер тізіміне кірді / фото: shutterstock

Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық бағыттардың бірі ретінде танылып отыр. Forbes Italia халықаралық басылымы елдің табиғи сұлулығын ерекше атап өтіп, белсенді туризмді (slow travel) бағалайтын туристер үшін үздік бағыттардың бірі ретінде таныстырды.

Туристік мүмкіндіктерді арттыратын жаңа әуе байланысы

2023 жылдың маусым айында Қазақстан мен Италияның Милан қаласындағы Мальпенса әуежайы арасында тікелей әуе қатынасы ашылған еді. Бұл жаңа бағыт туризмнің дамуына және екі ел арасындағы логистиканың жақсаруына үлкен ықпал етіп отыр.

Италиялық туристерді Қазақстанға тарту мақсатында Алматыдағы Итальян мәдениеті институты, Итало-Қазақ сауда палатасы және Neos авиакомпаниясы синергетикалық ынтымақтастық орнатқан.

Қазақстан – белсенді туризм үшін таптырмас мекен

Forbes Italia Қазақстанды белсенді демалыс әуесқойлары үшін ерекше бағыт ретінде атап өтті. Елдің табиғи байлығы, кең дала пейзаждары және түрлі мәдени мұрасы халықаралық саяхатшыларды қызықтырып отыр. Сонымен қатар мақалада қазақстандық асхананың ерекшеліктері ерекше атап өтілді. Қазақ тағамдарына қытай, түрік және орыс асханаларының ықпалы тиген, бірақ олар Жібек жолының дәмдеуіштерімен байытылған ерекше стильде дайындалады.

Айта кетейік, бұған дейін беделді британдық Lonely Planet басылымы Қазақстанды 2025 жылы саяхаттау үшін ең үздік елдердің бірі ретінде таныса, CNN Travel Алматы қаласын ең тартымды бағыттарының қатарына енгізді.

Сондай-ақ оқыңыз