Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін нарыққа араласып жатыр ма?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк 2025 жыл басталғаны валюта нарығына араласып, интервенция жүргізді ме? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамын тұрақтандыру үшін интервенция жасалды ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

«Бір ай ішінде мұндай ақпаратты жарияламаймыз. Себебі ол валюта нарығына теріс әсер етуі мүмкін. Ай қорытындысы бойынша мәлімет береміз», – деді Сүлейменов «Курсив» тілшісінің брифинг барысында қойған сұрағына.

Ұлттық банк 2024 жылдың желтоқсан айында валюта нарығына өз қорынан 308 млн доллар сатқанын мәлімдеген. Ал қаңтар айында қанша доллар сатқаны ақпанның басында белгілі болады.

Дегенмен, кейбір экономистер, қор нарығындағы доллар саудасы көлеміне қарап, Ұлттық банк нарыққа араласып жатыр деген болжам жасаған. Мәселен, 14 қаңтар күні KASE-дегі доллар саудасы 300 млн долардан асты.

Экономисты Ғалымжан Айтқазин Ұлттық банк аздап интервенция жүргізуі мүмкін деп пайымдайды. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында теңге бағамын ұстап тұру үшін резевтерді босқа жаратуға қарсы екенін мәлімдеген.

Валюта бағамы қанша құбылса да, Ұлттық банк нақты неге курсын белгілемек емес. Өйткені ол экономикада дисбалансқа әкеп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз