Лихтенштейн азаматы Қазақстанда алтын өндіретін компаниясынан 1 млрд теңге дивиденд алмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шығыс Қазақстанда алтын өндіретін Akzhal Gold Resources компаниясы жалғыз акционері – голландиялық International Private Equity Initiative B.V компаниясына 996 млн теңге дивиденд төлемек. Қаржы есебінде International Private Equity Initiative B.V компаниясы Лихтенштейн азаматы Адриан Роман Рейнбергерге тиесілі екені жазылған

Қаржы акционерге шетел валютасының 530 теңге бағамы бойынша есептеліп, 1 млн 880 мың доллар болып аударылады. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында айтылған.

Нидерландының Амстердам қаласында өткен жалпы жиналысында жалғыз акционер 2023 жыл үшін дивиденд алу туралы шешім шығарған. Айта кету керек, 2024 жылдың жазында ол Akzhal Gold Resources компаниясының 2023 жылғы дивидендінен бас тартқан болатын. Енді шешімін өзгертіп, 1 млрд теңгеге жуық дивиденд алмақ.

Akzhal Gold Resource компаниясы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақжал кен орында алтын өндіреді. Холдингтің меншігіндегі үш еншілес кәсіпорын бар: «Артель старателей «Горняк», Ashaly Golden Miner, BM Factory Project.

2023 жылғы қаржы есебінде компания шығыны 2,3 млрд теңгені құрағаны жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз