БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табысы 17,84%-ды құрады

Жарияланды (жаңартылды )
БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің табысы өсті / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылы инфляция 8,6% болғанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табысы 17,84%-ды құраған. Бұл туралы зейнетақы қоры жариялаған құжатта жазылған.

Мемлекеттік және халықаралық қаржы ұйымындағы құнды қағаздар

БЖЗҚ-ның зейнетақы активі портфеліндегі негізгі үлесті Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздары иеленеді. Олардың есептік айдағы құны 299,55 млрд теңгеге ұлғайып, 9 317,68 млрд теңгені құрады. Портфельдегі үлесі 41,57%-ға тең.

2025 жылдың басындағы жағдай бойынша, 71,34 млрд теңгеге жылдық 13,76% мөлшерлемемен Қаржы министрлігінің құнды қағаздарын сатып алған.

2025 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдайы бойынша, халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының құны 4,75 млрд теңгеге азайып, 283,73 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі 1,27% болған.

Ұлттық Банктегі депозит

Есептік кезеңдегі жағдай бойынша, ҚР Ұлттық Банкіндегі депозиттердің қазіргі құны – 696,61 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі – 3,11%.

Есептік кезеңде зейнетақы активтеріндегі табыстылықты сақтап тұру үшін Ұлттық Банктің депозитіне инвестиция салынды деп мәлімдейді зейнетақы қоры. Мәмілелердің орташа көлемі 177,46 млрд теңгені құрады, жылдық орташа табысы – 14,95%.

Квазимемлекеттік ұйымдардағы облигациялар құны 24,32 млрд теңгеге азайып, 1 982,17 млрд теңгені құрады. Олардың портфелдегі үлесі 8,84%-ға азайған. Өткен жылы зейнетақы қорындағы қаражатқа «Бәйтерек ҰБХ» АҚ-ның 50 млрд теңге облигациясы сатып алынды, орташа жылдық табысы – 15,00%. 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, «Қазақстан Даму Банк» АҚ-ның 19,99 млрд теңге көлеміндегі облигациялары жабылған.

Екінші деңгейлі банктерге тиесілі құнды қағаздардың қазіргі құны 102,65 млрд теңгеге ұлғайып, 960,30 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі – 4,28%. Есептік кезеңде «Халық Банк» АҚ-ның 101,03 млрд теңгеге облигациялары және «Банк ЦентрКредиттің» 6,42 млрд теңгеге құнды қағаздары сатып алынды.

Жалпы зейнетақы қорында қазақстандықтардың 21,9 трлн теңгеге жуық зейнетақы жинағы бар. Оның 21,84 трлн теңгесі Ұлттық банкке сенімгерлік басқаруға берілген.


Сондай-ақ оқыңыз