Қаржы министрлігі 2025 жылы қор нарығынан 6,9 трлн теңге қарыз алады
Қаржы министрлігі 2025 жылы қор биржасына жалпы құны 6,9 трлн теңге болатын құнды қағаздарын шығармақшы. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,3 трлн теңгеге артық.
Қаржы министрлігінің қор нарығына қатысты осы жылғы жоспарын ведомство сайтынан көруге болады. Құжаттағы деректерге сүйенсек, осы жылы ведомство құнды қағаздарын 48 рет нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Бағалы қағаздар мерзімі бір жылдан 15 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Мерзімі 10 жылдық құнды қағаздарды 500 млрд теңге көлемінде, 9 жылдық мерзімдегі қағаздар 400 млрд теңге көлемінде шығарылады.
Осы жыл басында Қаржы министрлігі екі рет бағалы қағаздарын нарыққа орналастырып үлгерді. Жалпы көлемі 50 млрд теңгеге ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін шығарды.
Былтыр ведомствоның қор нарығына шығуы биылғыдан аз еді. Министрлік биржаға жалпы көлемі 38 рет шығарылым жасап, нарықтан 5,6 трлн теңге алған.