Біліктілігі жоқ инвесторлар бірқатар құнды қағазды сатып ала алмайды
Біліктілігі жоқ жеке инвесторларға бірқатар құнды қағазды сатып алуға шектеу қойылды. Оларға бағалы қағаздарды реттеу заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес сатылмайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттейтін бірқатар нормативтік актілеріне өзгеріс енгізген. Соған сәйкес, біліктілігі жоқ инвесторларға тәуекелі жоғары қаржы құралдарына ақша құюға тыйым салынады.
Агенттік тек білікті инвесторларға сатылатын қаржы құралдарының тізімін бекіткен. Олардың қатарында:
- бейрезидент ұйымдардың бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;
- тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорларының акциялары және (немесе) пайлары;
- туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;
- жеке орналастыруға жататын облигациялар;
- өтеу мерзімі жоқ облигациялар;
- инвестициялық облигациялар;
- тек білікті инвесторларға арналған және (немесе) жеке инвесторларға арналмаған деп көзделген қаржы құралдары бар.
Бұндай бағалы қағаздарды сатып алу үшін білікті инвестор мәртемесін алу керек. Ол үшін жеке инвестор өз брокерімен байланысады.
Білікті инвестор деген кім?
Қазақстанда жылдан бері инвесторларды біліктілігіне қарай жіктейді. Білікті инвестор болу үшін салалық жоғары білімі, қор нарығында жұмыс тәжірибесі болуы шарт.
Одан бөлек, залықаралық кәсіби сертификаттары (CFA, FRMC, CIIA және басқа) болуы қажет. Меншігіндегі қаржы активі 8500 АЕК-тен асуы (33,4 млн теңге) бір жылда ба,алы қағаздармен кемі 50 мәміле жасауы тиіс.