Банк пен қаржы

Қазақстандағы АЭС-ті қандай компаниялар салатыны маусым айында белгілі болады

Фото:shutterstock.com

Қазақстанда салынатын АЭС-тің вендоры маусым айында анықталуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Есімхановтың айтуынша, вендор компаниялар келіссөз жүргізіп жатыр. Келіссөздер 6 айдан кейін аяқталмақ.

«АЭС вендорларына қоятын сұрақтардың тізімі анықталды. Қазір олар өз пікірлерін білдіріп жатыр, Бірінші жартыжылдықтың соңында бұл жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдын ала қорытындылар жарияланатын болады», – деді ол.

Ол сондай-ақ әлеуетті жеткізушілер де жартыжылдықтың соңында анықталатынын жеткізді.

Жақында Қазақстан делегациясы АЭС технологияcын таңдауға Ресейге барды. Олар «Росатомның» ВВЭР-1200 реакторы тұрған Ленинград АЭС-нің жұмысымен танысқан.

2024 жылы қазан айы мен желтоқсан айы аралығында қазақстандық делегация Оңтүстік Кореяға, Францияға және Қытайға сапарлаған болатын.

Қазіргі уақытта «CNNC» (ҚХР, HPR-1000 реакторы), «Росатом» (РФ, ВВЭР-1200 реакторы), «KHNP» (Оңтүстік Корея, APR-1000, APR-1400 реакторлары), «EDF» (Франция, EPR1200 реакторы) сияқты әлеуетті жеткізушілерімен келіссөз басталған.