Жаңалықтар

Дина Таңсәрінің қайда жүргені анықталса, прокуратура экстрадициялау құжаттарын жібереді

Бас прокуратура Дина Таңсәрінің қайда жүргенін әлі анықтай алмаған / Фото: manshuq.com; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Не молчи» қайырымдылық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің қайда жүргенін анықтаса, Бас прокуратура оны сол елден экстардициялау жөніндегі құжаттарды жібереді. Бұл туралы Мәжілістен кейінгі брифингте Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі Дина Таңсәріге қатысты істің қалай жүріп жатқаны туралы сұрады. Қойгелдиев Таңсәріге қатысты 6 факт бойынша іс қозғалып отырғанын айтты.

«Олардың дені алаяқтыққа қатысты. Қазіргі таңда оның қайда жүргені анықталып жатыр. Қайда жүргені қалай анықталады, солай экстрадициялау жөніндегі құжаттар жіберіліп, тергеу жұмыстарын жалғастырамыз», – деді прокуратура өкілі.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың желтоқсан айында Ішкі істер министрлігі NeMolchi.kz қоғамдық қорының басшысы Дина Тәңсәріге іздеу жариялады. Құзырлы орган қор басшысына қатысты 6 факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.