Қалың қар, көктайғақ – 30 қаңтарға ауа райы болжамы

Жарияланды 30 Қаңтар 2025 08:23

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Дауыл мен көктайғақ – 22 қаңтарға ауа райы болжамы
Қалың қар, көктайғақ – 30 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

30 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың аусуы әсерінен қалың қар жауады. «Қазгидромет» хабарлауынша, жалпы республика бойынша тұман, көктайғақ, боран және желдің күшеюі болжанған. 

Болжам

Елдің оңтүстік-шығысында синоптиктер қалың қар түсетінін ескертеді. Қар күндіз шығыста қатты қар жауып, кешкі мезгілде көктайғақ болуы мүмкін. Батыс пен оңтүстік-батыста салыстырмалы түрде жауын-шашынсыз тұрақты ауа райы сақталады.

Тек оңтүстікте күн жылы болып, аяз айналып өтеді. Ал қалған аймақтардың барлығында күн райы салқындап, кей аудандарда күн -28 градусқа дейін салқындайды. Дегенмен 1 ақпаннан бастап күн жылынады деген болжам бар.

Республикалық маңызды қалалар

Астанада күн бұлтты, қар жауып, боран соғады, түнде және күндіз температура -7 -9 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, қар жауады, көктайғақ болып, кешке тұман, түнде температура −3–5 °C, күндіз 0 +2 °C.

Шымкентте көшпелі бұлт, жаңбыр аралас қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде температура −7–9 °C, күндіз 0 +2 °C.

Сондай-ақ оқыңыз