Миллионер Рашид Сәрсеновтың байлығы қанша
Рашит Сәрсенов – ірі қазақстандық миллионер. Елдегі ең ірі банктің бірі Nurbank-тың негізгі акционері, кәсіпкер.
Сәрсенов 1949 жылы Көкшетауда туылған. Қазақ политехникалық институтын, кейінірек ҚазҰУ-дағы аспирантураны бітірген. Философиялық ғылымдар кандидаты.
Іскерлік мансабын мұғалім ретінде бастаған. Одан кейін аға мұғалім, философия кафедрасының доценті, ҚазҰУ-дағы ғылыми-зерттеу бөлімі басшысының орынбасары болды.
1987-1988 жылдары басқарма басшысы, жоғары және орта білім министрінің орынбасары қызметін атқарды
1988-1992 жылы Қазақстан Республикасы халықтық білім министрінің орынбасары болған.
Рашит Сәрсеновтың бизнестегі мансабы қашан басталды?
1990 жылдардың басында Сәрсенов бизнеске көшті. 1993 жылы парфюмерия және косметикамен айналысатын «BSB» корпорациясының президенті болды.
1997 жылы «Central Asia Petroleum» компаниясын құрды және осы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы атанды.
1998 жылдың мамырынан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы.
Рашит Сәрсеновтың дәулеті
Рашит Сәрсенов «JPFinance Group LLP» ЖШС және «Кастинг» ЖШС арқылы «Нұрбанк» АҚ-ның 90,31%-ын иеленеді. Сондай-ақ «Виктория» сақтандыру компаниясының 100%-ын және Helios жанармай бекеттер желісін басқарады.
Павлодар қаласында «Компания Нефтехим LTD», «KSP Steel» және «Кастинг» зауыттарында үлестері бар, Ақтауда – шыны-пластикалық құбырлар зауыты мен Caspian Riviera қонақүйіне иелік етеді, ал Ақтөбеде – «AltynEx Company» АҚ алтын кен орнын басқарады.
Бұдан бөлек, Сарсеновке Алматы қаласындағы ең ірі нан-тоқаш өнімдерін өндіруші «Аксай нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, Семейдегі «Шығыс Қазақстан ұн-жем комбинаты» АҚ, Алматыдағы «Vita» су өндірісі және сатылымы компаниясы, Түркістан облысындағы Chateau Silk Alley шарап кешені, «Французский дом», Beautymania, Imperial Home, «Планета красоты» сауда желілері, «Жаңа ұрпақ» газеті, HitTV телеарнасы және Energy радиосы («SHAHAR» ТРК ЖШС), «Дибек» ат клубы, «Каспий қоғамдық университеті» және «Алматы құрылыс және менеджмент колледжі», сондай-ақ Алматы қаласының орталығындағы «Алма-Ата» сауда-ойын-сауық орталығы тиесілі.
Forbes журналының 2020 жылғы қазан айындағы рейтингіне сәйкес, оның активтері 632 000 000 АҚШ долларын құраған.
Сәрсеновтар әулеті
Сарсеновтар отбасы Forbes Kazakhstan рейтингіне алғаш рет 2012 жылы кірді. Қазақстанның ең бай 50 адамының ішінде олар үшінші орынға ие болды, ал олардың байлығы басылымның бағалауынша 1,8 миллиард долларды құрады. Соңғы (2024 жылғы) ең бай кәсіпкерлер рейтингінде отбасы 75 адамның ішінен тоғызыншы орынға жайғасты, ал олардың қазіргі байлығы Forbes Kazakhstan есептеуі бойынша 970 миллион долларды құрайды. Сарсеновтардың бизнес-қызығушылықтары ерекше әртараптандырылған.
Сарсеновтар отбасы – 75 жастағы Рашит Сәрсенов, оның ұлдары Эльдар (40 жаста), Абай (29 жаста), Темірболат (12 жаста), қызы Карина (49 жаста) және үлкен әпкесі Софья (78 жаста).
1990-жылдардың соңында «Гелиос» жанармай құю бекеттері желісі құрылды, ал 2004 жылы Рашит Сарсенов бұл бизнесті әпкесі Софьяға тапсырды. Ол 2004–2011 жылдары иелік етті. Қазіргі уақытта «Гелиос» ЖШС-нің құрылтайшысы Анжела Сарсенова, ал басшысы – Диана Сарсенова болып табылады.